"Қолымда болса, өмір бойына соттаушы едім": Игорь Вранчев Бишімбаев туралы пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қолымда болса, өмір бойына соттаушы едім": Игорь Вранчев Бишімбаев туралы пікір білдірді

"Қолымда болса, өмір бойына соттаушы едім": Игорь Вранчев Бишімбаев туралы пікір білдірді

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы аяқталуға жақын. Бүгін үкім шығуы мүмкін.

  • 13 Мамыр
  • 23
Фото: видеодан алынған

Адвокат Игорь Вранчев Odnako podcast-қа сұқбат берді. Ол Қуандық Бишімбаевты өте қауіпті адам деп санайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жәбірленуші тараптың қорғаушысы, елге есімі танылған адвокат Игорь Вранчев Бишімаевтың ісіне қатысты алғашқы рет ашық сұқбат берді. Ол басында бұл іске аса қызығушылық танытпағанын жеткізді. Алайда өзінің екі қыздың әкесі екені оның осы істі жүргізуіне ықпал еткен.

«Менің екі қызым бар, біреуі 23 жаста, екіншісі, жақында ғана бір жасқа толды. Иә, сірә менің әкелік сезімім көбірек оянып, ол осы істі қолға алу туралы шешімді қабылдау барысында әсер еткен болар. Мен бұл іс осындай резонанс тудырады деп ойламадым, жәй ғана әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарында жазылады деп күттім», — деді адвокат.

Журналист адвокатқа Бишімбаевтың соңғы сөзі туралы сұрақ қойды. Жеңіс күні қарсаңында Гитлердің сөзін оқығанда, судья оған неге ескерту жасамады?

Адвокат Вранчев судья оның сөзіне құлақ аспағанын жеткізді. Сондай-ақ Гитлердің «Майн Кампф» кітабы Қазақстанда 2014 жылдан бастап тыйым салынған экстремистік туындылар қатарында. Дегенмен, Бишімбаевтың «Біздің өтірігіміз қаншалықты сұмдық болса, оған сену соншалықты оңай» деген Гитлердің сөзін оқығаны оның қандай екенін толық ашып берді.

«Ол ақылды адам. Алайда Гитлердің сөзін оқығаны оның қандай екенін көрсетті. Керісінше, оның өмірге деген көзқарасын білдіреді. Ол өте қауіпті адам, қанішер. Тіпті оның айтқан әр бір сөзі өтіріктен құралған, өте қарапайым тактиканы таңдаған. Білмеймін, Салтанат өзі құлады, содан жарақат алды, мен қарап тұрдым, білмеймін». Ол осындай оңай әрі қарапайым жолды таңдады. Мен үшін ол еркек емес. Тіпті сотқа берсе де, менің ойым осы», — деді ол.

«Айыпталушыға соңғы сөз берілген кезде, мен жүрегімнің түбінде ол өкінеді деп сендім. Ол кешірім сұрайды деп ойладым. Алайда, ол соңғы сөзін қағаздан оқып берді. Сөздерінде ешқандай өкініш болмады. Менің қолымда болса, оны өмір бойына соттаушы едім. Дегенмен оның кінәсі толық дәлелденді деп ойлаймын. Алқабилер де солай ойлайтынына сенемін. Енді бірнеше сұрақтарға жауап берген соң, алқабилер үкім шығарады. Оның Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өлтіргені дәлелденді деп ойлаймын», — деді Игорь Врачнев.