"Қолына түскен затпен аямай сабайды": Анасының өміріне қауіп төніп тұрғанын айтқан маңғыстаулық жігіт көпке жанайқайын жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қолына түскен затпен аямай сабайды": Анасының өміріне қауіп төніп тұрғанын айтқан маңғыстаулық жігіт көпке жанайқайын жеткізді

"Қолына түскен затпен аямай сабайды": Анасының өміріне қауіп төніп тұрғанын айтқан маңғыстаулық жігіт көпке жанайқайын жеткізді

Желіде Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғынының елден жанұшыра көмек сұраған видеосы тарады.

  • 3 Маусым
  • 614
Фото - Caravan.kz

Онда жас жігіт өзі мен анасы, үйдегі бауырлары әкесінің қолынан қаза табуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Көпшілікке видео үндеу таратқан жігіт өзінің Алматыда жұмыс істейтінін айтқан. Сонымен бірге ол, әкесі өзі мен анасын үнемі аямай сабайтынын, ендігі кезек оның анасы мен інілерінде екенін жеткізген. Жас жігіт құзырлы органдардан көмек сұрап, көпшілікті аталған оқиғаға бей жай қарамауды сұраған.

Бұл жолы да оның әкесі түні бойы анасын таяқтаған. Әйел алған жарақатынан денесі көгеріп, жүре алмай қалған. Полиция бұлардың арызын алып әкесін қайта жіберген көрінеді.

«Мен қазір Алматыға кетер болса бұл оқиға тағы қайталанады. Мені де кішкентай кезімнен әкем ұрып-соғып, психологиялық қысымда ұстады. Ендігі кезек інім мен анама өтті. Мен кішкентай кезімде қолына түскен қатты затпен мені және анамды кезек-кезек сабайтын. Неге полиция мұндай қауіпті, отбасына қауіп төндіретін адамдарды қатаң жазаламайды. Міндетті түрде біреу қатты таяқтаудан қайтыс болуы керек пе?. Маған көпшіліктің көмегі керек, отбасылық зорлық-зомбылық өте қауіпті дүние»,- деп дабыл қақты жігіт.