Жарияланды: 430

Комбоджада ес-түссіз жатқан отандасымыз бүгін елге жеткізіледі

Камбоджада оқыстан ауыр жағдайда тап болған отандасымыз, әйтеуір, бүгін елге жеткізілетін болды. Әлі күнге дейін ес-түссіз жатқан Лариса Шамованы әкелу шығынын еліміздегі әуе компанияларының бірі мойнына алмақ.

Комада жатқан туристі елге жеткізу үшін арнайы Boeing-757 ұшағы жіберілген. Әуе кемесінің ішінде 9 жолаушылар орны алдын-ала бұзылып, ол жерге науқастың төсегі орнатылыпты. Сондай-ақ қолдан тыныс алдыру аппаратына да орын дайындалған. Ұшақ ішінде науқастың жағдайын 2 мейірбике мен бір дәрігер қадағалап отырмақ. Бангкоктан Алматыға дейінгі аралықтың ұшу мерзімі 7 сағат шамасында. Ал Камбоджадан Таиланд астанасына дейін Лариса Шамованы ұлы Алексей өз күшімен жеткізбек. Естеріңізге салсақ, 48 жастағы Лариса Шамова осыдан тура үш апта бұрын Анкор-Ват ғибадатханасын көремін деп, 7 метрлік баспалдақтан құлап кеткен. Осы уақытқа дейін науқасты емдеу үшін Камбоджадағы ауруханаға жақындары 11 жарым млн. теңге төлеген. Енді оның өмірі үшін еліміздің дәрігерлері күреспек. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін