Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жапа шеккен халыққа көмектесіп жатқанын камераға түсіретін жандарға үндеу тастады.
“Жарайсыңдар, Түркия халқының қайғысына ортақтасып, қолдан келгенше көмек қолын созып жатырсыңдар. Бірақ, өтініш, көмекті көзбояушылыққа айналдырмаңдаршы. Осы бір сәтте хайп жасап керек емес. Өте жаман көрінеді. Көмектесіп жатқандарыңды камераға түсіру – дұрыс емес. Бұл дұрыс емес. Сендердің жақсылықтарыңды өзгелер айтсын”, – деп жазды ол.