«Ағымдағы жылдың 9 айында энергетика саласының оң өсімі жалғасуда. Мұнай өндіру 64 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112,5 пайызға тең және ағымдағы жылдың 9 айының жоспарынан 105,6 пайызға артық. Ағымдағы жылдың 9 айының ішінде 51,8 млн тонна мұнай экспортталды», — деді Қанат Бозымбаев.
Оның дерегінше, осы аралықтағы газ өндіру көлемі 39,2 млрд текше метрге жетіп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға артық және жоспардың 108,7 пайызын құрайды.
«Электр энергиясын өндіру көлемі 74,5 млрд кВ/сағатты құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 109 пайызға тең. Көмір өндіру көлемі 74 млн тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 116 пайызға артық», — деді министр.