Парламенттің бірлескен комиссиясының төрағасы Жазбек Әбдиев қос палатаның барлық депутаттарына хат жолдап, заң жобасына қатысты парламентшілердің өз ұсыныстарын табыс етуін өтінеді.
Аталған мерзімге дейін жобаны тиянақты әзірлеу мақсатында комиссия наурыздың 4-інен бастап күн сайын жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Комиссия төрағасы халық қалаулыларына сайлау туралы заң жобасының қос палатаның бірлескен отырысында екінші оқылымда қабылданған нұсқасын хатпен қоса жолдады.
Комиссия төрағасы парламент депутаттарына хат жолдады
