Жарияланды: 440

Коммерциялық телевизиялық арна мен "Нұрбанк" жетім балаларды асырап алуды насихаттайтын жаңа жобаны іске қоспақшы

Алматы. 4 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Коммерциялық телевизиялық арна мен Нұрбанк жетім балаларды асырап алуды насихаттайтын жаңа жобаны іске қоспақшы, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Нұрбанктің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жобаның атауы "Үйге жол" деп аталады. Бағдарламаның пилотты саны 9-қарашада сағат 16. 35-те эфирге шығады", деп хабарлайды баспасөз қызметі. Аптасына бір рет шығатын бұл телебағдарламада сәбилер мен балалар үйінің тәрбиеленушілері көрсетіледі. Мақсат - олардың жаңа отбасын табуына көмектесу, осынау әлеуметтік проблемаға қоғам назарын аудару. Бұдан кейінгі бағдарламаларда бала асырап алу процедурасының қыр-сыры айтылып, асырап алған балаларңға қатысты қатып қалған қағиданы бұзуға әрекет жасалады. Қазақстан заңнамасындағы бала асырп алуға қатысты кемшіліктер мен олқылықтар да ашылып баяндалмақшы. Жоба авторы Марианна Гуринаның айтуынша, қазір елімізде ресим деректер бойынша 50 мыңнан астам жетім бала бар. Әрбір 20 адамға 1 жетімнен келеді. Ал әрбір 15-ші отбасында бала жоқ. "Заң бойынша анасы қандай да бір құжатсыз тастап кеткен бала 18-ге келгенше өзге отбасының асырап алуына берілмейді. Қолданыстағы заңға егер анасы 3 айдың ішінде бас тартпайтыны туралы құжат толтырмаса, жаңа туған сәбиді асырап алуға мүмкіндік беру туралы өзгеріс енгізбесек, елдегі жетім балалар мәселесі ешқашан шешілмейді", дейді М.Гурина. "Біз баршамыз балалар -біздің болашағымыз, барлық жақсылық балаларға деген сөздерді жиі естиміз. Сонымен бірге біз адами ресурсты дамытуға жұмсалған инвестициялар ақталып қана қоймай, ертең еселеніп қайтатын да білеміз. Ондай инвестициялар мемлекеттің алдында тұрған көптеген мақсат-міндеттерді өздеріне жүктеп алуға қабілетті, табысты адамдар түрінде қайтады. Сол себепті біздің балаларымыздың бүгінгі дамуына, тәрбиесі мен білім алуына жағдай жасау біздің ертеңгі күнге жасаған инвестициямыз, болашақ алдындағы парызымыз. Біз мұндай бағдарламаны жасауға көптен бері қадам жасадық. Келешек біздің қазіргі проблемаларды шешуге деген қабілетіміз бен дайындығымызға байланысты",- дейді "Нұрбанктің" бұқарамен байланыс басқармасының бастығы Әсем Әзімқұлова. Бұл бағдарлама Коммерциялық телевизиялық арна мен "Нұрбанктің" тұрақты жобасына айналмақшы. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін