Ресей Федерациясы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Академиясының президенті Виктор Пивоваров пен академияның бас ғылыми хатшысы, академик Борис Рейзин қалалық су шаруашылығы мекемесінің жұмыс тәжірибесімен танысу үшін шілде айында Шымкентке келмекші. Мұндай шешімді ресейлік танымал ғалымдар халықты сумен қамтамасыз ету мәселесіне арналған «Су арнасы-2003» атты халықаралық конференцияның жұмыс қорытындысымен танысу нәтижесінде қабылдаған көрінеді. Конференция маусымның 26 мен 28 аралығында Шымкентте өткен болатын. Бұл- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мұндай белді ғалымдардың облысқа алғаш келуі.