Коммунист Сыздықов арсыз адамдар туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коммунист Сыздықов арсыз адамдар туралы айтты

Коммунист Сыздықов арсыз адамдар туралы айтты

Ал, тақтан дәмелі келесі азамат Тұрғын Сыздықов бүгін Астанадағы «Тұран» университетінің студенттерімен кездесті. Жастарға марксизм ілімі туралы айтып, өзінің сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды.

  • 8 Сәуiр 2015
  • 301
Фото - Caravan.kz

Ол батысқа еліктемей, коммунизмді қолдау керектігін тағы қайталады. Жастар жағын бұл әңгіме қызықтырған сияқты. Әсіресе, марксизм және ленинизм теориялары жайында Сыздықовқа көп сұрақ қойылды. Барлығына асықпай жауап қатқан кандидат кейін осы ілімге қайшы батыс мәдениетін сынады. Артынан фастфуд пен компьютерлік ойындардан аулақ болуға шақырды. Өйткені бұлар қазақ қоғамының бірінші жауы дейді Тұрғын Сыздықов.

Тұрғын Сыздықов, ҚР Президенттігіне үміткер:

-Біздің сайлауалды бағдарламамыз батыстық жалған мәдени құндылықтарды қабылдамауға негізделген. Батыс мәдениеті бизнес саласына айналып кетті. Онда арсыз адамдар ғана жеңіске жетеді.