Компартия мен «Алға» қозғалысы мәжіліс сайлауына қатысу үшін халықтық фронтқа бірікті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Компартия мен «Алға» қозғалысы мәжіліс сайлауына қатысу үшін халықтық фронтқа бірікті

Компартия мен «Алға» қозғалысы мәжіліс сайлауына қатысу үшін халықтық фронтқа бірікті

Қазақстанның коммунистік партиясы (ҚКП) пен «Алға» қозғалысы мәжіліс сайлауына бірлесіп қатысу үшін халықтық фронтқа бірікті, деп мәлім етті ҚКП ОК бірінші хатшысы Ғазиз Алдамжаров.

  • 29 Маусым 2011
  • 343
Фото - Caravan.kz

«Біз идеялары бар, әрекетке дайын, өз болашағы үшін күресуге дайын жас, білімді адамдарды бізбен бірге халықтық фронтқа бірігіп, дұрыс сайлау өткізіп, билік иесі халық екенін дәлелдеуге шақырамыз», — деді Ғ. Алдамжаров сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Жаңа блокты құрудағы басты мақсат 2012 жылғы парламенттік сайлауға компартияның қолдауымен барлық мүдделі күштердің қатысуы, саясатқа барынша көп ҮЕҰ, азаматтық қоғамның белсенді қатысушыларын, кәсіподақтарды тарту болып отыр. Халықтық фронтқа «Халыққа баспанасын қалдырайық» қозғалысы, әлеуметтік қарсы тұру, кәсіподақтар да кіреді.

«Қазақстанда 9 мыңнан аса сайлау учаскесі қызмет етеді. Яғни, бізге әр учаскеде 2 бақылаушымыздан болу үшін 20 мыңға жуық бақылаушы қажет. Олардың саяси көзқарастарына келсек, олардың коммунист болуы міндетті емес. Тек өз болашақтарын ойласа, жетіп жатыр», — дедіҒ. Алдамжаров.

«Біз елдегі оқиғаларға үн қатпайтын, конституция өзгертіліп жатқанда үнсіз тұратын бірпартиялық парламент жұмыс істейтін жағдайды өзгерткіміз келеді», — деп толықтырды «Алға» қозғалысының лидері Владимир Козлов.

Соңғы жаңалықтар