Жарияланды: 2200

Композитор Кеңес Дүйсекеев қайтыс болды

Композитор Кеңес Дүйсекеев қайтыс болды Сурет - Хабар 24

Белгілі композитор Кеңес Дүйсекеев қайтыс болды.

Бұл туралы журналист Сәуле Әбілдаханқызы Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Кеңес Дүйсекеев...

Ұлы композитор еді...
Алла алдынан жарылқасын", - деп жазды ол.

Әзірге композитордың неден қайтыс болғаны белгісіз.

Кеңес Дүйсекеев "Қарағым-ай", "Өкінбе сен" "Өмір-өмір" сынды көптеген хит әндердің авторы. Осы жылдың ақпан айында композитор 74 жасқа толған болатын. 

Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев 1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген.

Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері  Алматы консерваториясын бітірген. 1974-1976 жылдары “Гүлдер” ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976-1979 жылдары “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі, 1975-1984 жылдары Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған. Дүйсекеевтің жетекшілігімен “Тамаша”, “Халық — талант қайнары”, “Шабыт”, “Жастарға арналған музыкалық кештер”, “Музыка әлемінде”, т.б. теледидарлық бағдарламалар шығарылды. 1984- 1997 жылдары Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. 1997 жылдан “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі. Ол – “Толғау” симфониясының (1984), “Жалаңтөс батыр” симфония поэма-картинасының (1996), “О, дүние” кантатасының (1997), “Жыл мезгілдері” романстар циклінің (1991), “Мәди”, “Аққу Жібек” мюзиклінің, “Алдар көсе” опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әндердің авторы. Дүйсекеев әндерін Р. Рымбаева, Н. Есқалиева, М. Жүнісова, А. Мейірбеков, Н. Өнербаев, М. Дәулетбақова т.б. әншілер орындап жүр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін