"Қонақтарды шақырып алып мазақ қылады": Халық асабаларды лицензиялауды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қонақтарды шақырып алып мазақ қылады": Халық асабаларды лицензиялауды талап етті

"Қонақтарды шақырып алып мазақ қылады": Халық асабаларды лицензиялауды талап етті

Халық асабаларға наразы. Бір кітапты соңына дейін оқымайтын асабаларға тосқауыл қою керегін айтты.

  • 21 Тамыз
  • 203
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Тортуыл Шоқанның фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қоғамда тағы бір өзекті мәселе бар.

Ол, той өткізу үрдісі!

ҚР мәдениет министірлігі тамада біткенді лицензиялауды қолға алуы тиіс!

Әуелі қазақтың тойын өткізудің мөлшерлі жарғысын бекітіп, лицензиясы бар тамадалар бұл жарғыны бұзған жағдайда—той өткізу рұқсатынан айыру қажет!

Болмаса, мәдениеттен жұрдай болып барамыз!

Сосын, тамадалар ИП тіркеп, салық төлесін.

Осы рұқсат —лицензиясымен той жүргізсін!

Бір тойдан 1 млнға дейін сыйақы алады, бәрі қалтасына.

Күніне 10 мың әрең табатын таксисттен жандары артық емес!

Сосын, қазақта жоқ әдет—құда құдағиды көрпеге орау, ортасына шар жарғызу, т б түрлі арсыз ойындар сап тиылады.

Әлемжеліге шыққан бейәдеп істердің қай тойда болғанын, ол тойда кімнің тамада болғанын анықтау қиын емес!

Бір кітәпті соңына дейін оқымаған топас тамадаларға тосқауыл қойған дұрыс!», деп жазды.

«Балқия» мен «Көкжигули» әні хит болған елдің өресі жоғары деуге келмес», «Мектепті зорға бітірген Сабыржан шырақ. Ұялмайтын бетке талмайтын жақ берген екен өзі де. Қазақстанға барып,сайрағыш боп кетті әйтеуір. Өзбекстанда тамада емес еді», «Дұрыс ұсыныс! Бір тосқауыл қоятын уақыт болды!», деп қолдау білдірді.

Құрметті оқырман! Сіз кітапты басынан соңына дейін оқисыз ба? Асабаларға наразылығыңыз бар ма? Комментарийге жаза кетіңіз!