«Мемлекеттік қолдаудың қосымша түрлері концессияға алушыға жобаның өзін-өзі ақтауын, коммерциялық тартымдылықты, сондай-ақ, табыстардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығын қамтамасыз етеді», — деді М. Құсайынов.
Ол бюджеттік инвестиция түріндегі қосымша қаржыландыру, тауардың белгілі бір бөлігін (жұмыс, қызмет) мемлекеттің пайдаланатынына кепілдік беру, концессияға алушының инвестициялық шығындарының белгілі бір көлемінің орнын толтыру сияқты мемлекеттік қолдау түрлері енгізілмек екендігін түсындірді.
«Мемлекеттік қолдаудың басты талабы жобаның мұқият сараптамадан өткізілуі және мемлекеттік қолдаудың тиімділігін бағалау болып табылады», — деп атап көрсетті М. Құсайынов.
Ол заң жобасының бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер енгізуді көздейтінін атап өтті. Атап айтқанда, Бюджеттік кодекске жаңа ұғымдар енгізіледі. Сондай-ақ, нысандарды концессияға беру процестерін бұдан да жақсы сапалы үйлестіру үшін орталық және жергілікті атқару органдарының құзыры анықталады.
Салық кодексінде ақылы жолдарда екі рет төлем алуды (концессияға алцшы мен салық қызметі тарапынан) жою ұсынылып отыр.
Енгізілетін өзгерістер арқылы, сонымен қатар, концессиялық ұсыныстарды дайындау және таңдау күшейтіледі. Атап айтар болсақ, концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесі концессияға берілетін нысандырдың тізімі қалыптасқанға дейін бәсекелес ортада бюджеттік қаражат есебінен жасалатын болады. Концессиялық ұсыныстарды, концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін, әлеуетті концессияға алушының концессиялық жобаларын экономикалық сараптамадан өткізу жоспарланып отыр.
Жалпы алғанда заң жобасының қабылдануы бұл ретте әділетті ойын түрлерін анықтай отырып, концессиялық кестелердің пайдалану аясын кеңейтуге, экономиканың жеке секторын тартуда нәзік механизмді қамтамасыз етуге, инфрақұрылым нысандарын жасауға жеке секторды тарту үшін талаптарды жақсартуға, концессиялық жобаларды жүзеге асыру процедурасын жетілдіруге, мемлекет пен бизнес мүддесінің теңдестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп сөзін қорытты М. Құсайынов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті