"Кондиционер емес, кірпіш құлаған": Заңгер Мейірман Шекеев ауыр жарақат алып өмірден өткен фельдшердің ісін өз қолына алды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кондиционер емес, кірпіш құлаған": Заңгер Мейірман Шекеев ауыр жарақат алып өмірден өткен фельдшердің ісін өз қолына алды

"Кондиционер емес, кірпіш құлаған": Заңгер Мейірман Шекеев ауыр жарақат алып өмірден өткен фельдшердің ісін өз қолына алды

Заңгер Мейірман Шекеев марқұм Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнелмен бірге оқиға орнына барып, жаңа дерекпен бөлісті.

  • 11 Желтоқсан
  • 13
Massaget.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Істі бұрмалау кімге қажет болған? Бұл сұрақ бәрімізді ойландыруы керек. Оқиға орнына барып, куәлерден жауап алып, барлық деректерді жеке зерттегенімде, бір нәрсе анық болды.

Ұлдананың қазасы кондиционерден болған жоқ. Шын мәнінде, оның өмірін қиған – ғимараттың қасбетінде тұрған кірпіштердің құлауынан болған.

Бұл – кездейсоқтық емес. Бұл – қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, салғырттық және жауапкершіліктен қашудың салдары. Біреулер бұл істі жауып, кінәні басқа жаққа аударуға тырысқан сияқты.

Бізге жалған ақпарат емес, шындық керек. Біз үнсіз қалмаймыз. Біз Ұлдана үшін, оның отбасына әділдік орнату үшін соңына дейін барамыз.

Әділдікке қол жеткіземіз. Шындықты талап етеміз. Сіздердің қолдауларыңыз Әділет бауырымыздың әділеттікке жетуіне септігін тигізеді», – деп жазды заңгер Мейірман Шекеев.

Перейти к новостям спорта