Көңілдесімен сөзге келген жігіт 7 адамды атып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көңілдесімен сөзге келген жігіт 7 адамды атып тастады

Көңілдесімен сөзге келген жігіт 7 адамды атып тастады

АҚШ-тың Гранд-Рэпидс қаласында көңілдесімен сөзге келген жігіт 7 адамды атып тастады. Қаза тапқандар арасында екі бүлдіршін бар. Полицияның мәліметінше, Родрик Данцлер есімді 34 жастағы азамат алдымен сүйіктісін  үш  жасар қызымен бірге өлтіріп, артынша көшедегілерге бей-берекет оқ жаудырған.

  • 9 Шiлде 2011
  • 536
Фото - Caravan.kz


Қаңғыған оқтан  бес адам опат болып, үшеуі жараланды. Қаскөй мұнымен де тоқтамай, полициядан қашқан бойы бір үйге кіріп,  үш адамды кепілге алған. Сол жерде кепілдегілерді «өлтірем»деп қорқытып, бір қорап темекі мен бір шөлмек су алдырыпты. Басқа ешқандай талап қоймаған. Қылмыскермен келіссөз  сегіз сағатқа созылды. Бірақ, Данцлер полицияның дегеніне көнбей, ақыры өзі де атылып өлді. 

Соңғы жаңалықтар