Сондай-ақ, ол күйеуінің алғашқы отбасында әйелімен қарым-қатынасы нашар болғанын бөлісті. Яғни олардың ажырасуына өзін кінәламайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасының «Оңай емес» бағдарламасына сілтеме жасап.
«Сынған кесені ешуақытта орнына жабыстыра алмайсың. Шынымен де, өзінің отбасы болды, өзінің үлкен балалары бар. Мен сол кезде жас болсам да, барлығын түсініп тұрдым. Кезімде «Керек емес шығар» деп айттым. Ол «Сынған ыдысты орнына келтіре алмайсың» деді. Мүмкін жанұяларында бір проблема болған шығар. Ол өз қалауымен ажырасып кетті. Әрине, ол кезде ұрыс-керіс болғаны анық. Мен оны ештеңеден, ешкімнен жұлған жоқпын, тартқан емеспін», — дейді Динара Сұлтан.
Әрі қарай әнші арада махаббат сезімі болса да, отбасы болған ер азаматпен көңіл қосқаны үшін ұялғанын жасырмады.
«Мен әке-шешемнен ұялдым. «Отбасы бар адаммен жүр» деген сияқты әңгімелер болады ғой деп», — дейді ол.
Десе де, жолдасын кездестіргеннен кейін бақыттан басы айналып, қайын жұртының да жақсы қарсы алғанын бөлісті.
«Ол кісіні кездестірген кезде өмірім 180 градусқа өзгерді. Сол 2011 жылдан бастап біргеміз. Бірге қолұстасып келе жатырмыз. Өзімнің жеке Динара Сұлтан болып шығуыма, қалыптасуыма көңілін де, қаражатын да – бәрін бөлді. Ал қайын жұрт жылы қарсы алды. Ешқандай әңгіме болған жоқ, Құдайға шүкір.
«Біздің келініміз Динара Сұлтан» деп айтып жүреді», — деп қуанышын бөлісті жұлдыз.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін әнші Динара Сұлтанның бес баласымен бірге тұрмысқа шыққаны туралы хабарлаған едік.