Конгресмендер Ливиядағы операциясы үшін Обаманы сотқа берді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конгресмендер Ливиядағы операциясы үшін Обаманы сотқа берді

Конгресмендер Ливиядағы операциясы үшін Обаманы сотқа берді

АҚШ Конгрессі Өкілдер палатасының мүшелері ел президенті Барак Обама мен Қорғаныс министрі Роберт Гейтсті Ливиядағы әскери операциялары үшін сотқа берді.

  • 16 Маусым 2011
  • 336
Фото - Caravan.kz

Сот шағымы құрамында Демократиялық және Республикалық партиялардың мүшелері бар ондаған конгресмендердің атынан берілген, деп жазады Associated Press.

Парламентшілердің пікірінше, Конгрестің қолдауынсыз Ливияға қарсы соғыс ашу арқылы Ақ үй басшысы АҚШ-тың Конституциясын бұзған. Олардың айтуынша, Б.Обама ливиялық билікке қарсы қарулы күш қолданған былық-шылығына НАТО мен БҰҰ-ны да тартып әкетті.

Конгресмендер өз шағымдарында судьяның Конгрестің мақұлдауынсыз американдық қарулы күштердің Ливиядағы операцияларға қатысуын тоқтататын қаулы шығаруын талап етіп отыр.

Бүгін белгілі болғандай, Ақ үй Конгреске Ливиядағы операцияларға американдық әскердің қатысуы туралы толық ақпарат жөнелтетін болды. Бұл Өкілдер палатасы мүшелері мен Сенат тарапынан көрсетілген қысым нәтижесінде жүзеге аспақ.

Естеріңізге сала кетейік, 4 маусымда Өкілдер палатасы Конгрестің қолдауынсыз Ливияда американдық әскерді пайдалану операциясын айыптайтын шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар