Конькимен жүгіру спорты бойынша әлем чемпионы қостанайлық Денис Кузинге отанында екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конькимен жүгіру спорты бойынша әлем чемпионы қостанайлық Денис Кузинге отанында екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды

Конькимен жүгіру спорты бойынша әлем чемпионы қостанайлық Денис Кузинге отанында екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды

Бүгін Қостанай әлем чемпионатынан оралған конькиші Денис Кузинді және оның жаттықтырушысы Петр Пастушенконы салтанатты түрде қарсы алды.

  • 4 Сәуiр 2013
  • 389
Фото - Caravan.kz

Кездесу теміржол вокзалының перронында ұйымдастырылды. Содан кейін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан тарихында конькимен жүгіру спорты бойынша алғашқы әлем чемпионы атанған Денис Кузин өзінің жеңіске қалай жеткендігі туралы баяндады. Бұл ауыр жол болды, өйткені Денис алған жарақатына байланысты таяуда ғана үлкен спорттан кетуге дайын болған болатын. Алайда ол қиындыққа мойынсұнбай, ешкім күтпеген нәтижеге қол жеткізді.

Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасовпен кездесуі кезінде Денистің қомақты ақшалай сыйақымен марапатталғаны және оған жаңа құрылыс ауданында екі бөлмелі пәтер сыйға берілетіндігі белгілі болды. «БК-Строй» құрылыс фирмасының директоры Игорь Ким жаңа пәтерді оның иесіне көрсетті және қоныстойды жаздың басында тойлауға болатындығын мәлімдеді.
Облыс басшылығы мен демеушілердің марапттарынан чемпионның жаттықтырушысы да құр қалмады. Облыс әкімінің айтуынша, қалалық әкімдік Петр Пастушенкоға құрметті азамат атағын беру туралы ұсынысты қарастырады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера