Бұл туралы жарыстарды ұйымдастыру комитетінен мәлім етті.
Қазақстандағы Конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогының ІІ кезеңінің медальдарына «Бәйтеректің» мүсіні пайдаланылса, жарыстардың ресми тұлғасы — халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия ойындары мен Азия чемпионаттарының қола жүлдегері (2005; 2009 жылдар), Азия чемпионатының жеңімпазы (2006 жыл), 1500, 5000 және 10 000 метр қашықтықтарда Қазақстанның рекордшысы, Олимпиадалық ойындардың екі мәрте қатысушысы (Турин-2006, Ванкувер-2010) Дмитрий Бабенко болды. Оның фотосуреттері афишаларда қолданылмақ.
Шеңбер тәрізді медальдың диаметрі — 70 мм, қалыңдығы — 4 мм. Оның бет жағында — Әлем кубогының логотипі мен конькимен жүгіру спортын көрсететін пиктограмма бейнеленген. Теріс бетінде — Астананың символы — «Бәйтерек» монументі және жарыстардың өтетін уақыты белгіленді.
Онымен бірге, медальдың және оның наградалық лентасын безендіруде ұлттық оюлар мен Қазақстанның мемлекеттік Туының орнаменттері пайдаланылды.
Конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогының Астанада өтетін кезеңінде барлығы 12 жиынтық медаль сарапқа салынады. Жарыстарға 30-дан астам елдің спортшылары қатысады.