Конституцияға қандай өзгерістер енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конституцияға қандай өзгерістер енгізіледі

Конституцияға қандай өзгерістер енгізіледі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстанда парламенттік реформадан басталған өзгерістер ко

  • 8 Ақпан
  • 1
фото - gov.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда парламенттік реформадан басталған өзгерістер конституциялық реформаға ұласты. Бүгінде Ата заңға енгізілетін түзетулер жайында емес, жаңа Конституция туралы айтыла бастады. Жалпыхалықтық референдумда халық қолдау білдірсе, негізгі құжаттың 84%-і жаңарады. Sputnik Қазақстан Конституцияға енгізілетін негізгі өзгерістерді ұсынады.

Конституцияда неше бап қалады

Әуелі парламенттік реформа аясында Конституцияның 40 бабына өзгерістер енгізу жоспарланған болатын. Алайда жұмыс тобы сарапшылар мен халықтан түскен ұсыныстарды зерделей келе, қолға алынған өзгерістердің ауқымы кең екенін түсінді.

Биыл ұлттық құрылтайдан кейін 130 адамнан тұратын конституциялық комиссия құрылды. Комиссия мүшелері демалысқа қарамай, апта сайын бірнеше отырыс өткізуге кірісті. Сөйтіп Конституцияның барлық бөліміне және 77 бабына, яғни жалпы мәтіннің 84%-ін жаңарту қажет деген шешімге келді.

31 қаңтарда комиссия жаңа Конституцияның жобасын жариялады.