Конституциялық сот "Болашақ" бағдарламасына қатысты шешім шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конституциялық сот "Болашақ" бағдарламасына қатысты шешім шығарды

Конституциялық сот "Болашақ" бағдарламасына қатысты шешім шығарды

Конституциялық сот "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін қашықтан жұмыс істеуге қатысты өз шешімін жариялады

  • 22 Мамыр
  • 2
ФОТО: ORTCOM.KZ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сотқа арызданған ер адам халықаралық стипендияны тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының бір тармақшасын Конституцияға сәйкестігін тексеруді талап етті. Атап айтқанда, бағдарлама түлектері оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстан аумағында қызметін өтеуге міндетті. Ал өтініш беруші еңбек қызметін қашықтықтан жүзеге асыруға рұқсат беретін Еңбек кодексіне жүгінді. Оның ойынша, «Болашақтың» оқуын еңбекпен өтеу үшін Қазақстан аумағында нақты болу міндетті емес.

«Конституциялық сот «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыту тараптардың өзара келісімі бойынша оқу басталғанға дейін жасалатын азаматтық шарт негізінде жүзеге асырылатынын көрсетті. Мұндай келісім тараптардың, оның ішінде оқудан кейін тікелей Қазақстан Республикасының аумағында қызметін өтеу жөніндегі міндеттемелерді алдын ала ерікті түрде қабылдауын көздейді. Бұл шарт Ережелерде ғана емес, білім туралы заңнан да туындайды», — делінген сот шешімінде.

Осылайша, «Болашақ» бағдарламасының жұмыспен өтеу жөніндегі ереженің нормасын Конституцияға сәйкестігін тексеруге негіз жоқ болып шықты.