Конституция күні қарсаңында жемісті еңбек еткен Жоғарғы сот қызметкерлері марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конституция күні қарсаңында жемісті еңбек еткен Жоғарғы сот қызметкерлері марапатталды

Конституция күні қарсаңында жемісті еңбек еткен Жоғарғы сот қызметкерлері марапатталды

26 тамызда Жоғарғы сотта Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын болып өтті,

  • 27 Тамыз 2015
  • 549
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Іс-шараға Жоғарғы сот Төрағасы Қайрат Мәми, Парламент Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев, Жоғарғы Сот судьялары, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының мүшелері, Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен қызметкерлері, Жоғарғы соттың отставкадағы судьялары мен ардагерлер қатысты.

Салтанатты шараны ашқан Жоғарғы сот Төрағасы Қайрат Мәми қатысушыларды Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, бұл мерекенің мемлекет пен қоғамның дамуындағы және әрбір қазақстандықтың өміріндегі рөлін атап өтті.

«Осыдан жиырма жыл бұрын жеті миллионнан астам қазақстандық 1995 жылғы 30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда — қазіргі Конституцияны қабылдау үшін бірауыздан дауыс беріп, өзінің тарихи таңдауын жасаған еді. Осылайша, халқымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы жүзеге асып, тәуелсіз еліміздің жаңа Ата заңы дүниеге келді. Конституциямыз сол уақыттан бері республикадағы татулығы жарасқан барлық ұлттардың бір шаңырақ астында алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуде», — деп атап өтті Жоғарғы Сот Төрағасы.

Қ.Мәми жиынға қатысушыларды Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «100 нақты қадам — баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт жоспары шеңберінде сот жүйесін реформалау жайынан хабардар етті. Сондай-ақ судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру, үш сатылы сот жүйесіне көшу мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді.

Сонымен қатар жиында Парламент Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Р.Мұқашев және Жоғарғы Сот судьясы, республиканың Судьялар одағы Орталық Кеңесінің мүшесі Ұ.Сүлейменова құттықтау сөз сөйледі.


Салтанатты шара барысында Жоғарғы Сот судьялары мен Департамент қызметкерлеріне Елбасы Жарлығына сәйкес «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі, айрықша белгілер, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар тапсырылды.

Заңгерлік саласында көп жылдық, мінсіз және жемісті еңбек еткені үшін «Қазақстанның құрметті заңгері» медалімен Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми, Жоғарғы Соттың отставкадағы судьялары М.Нұрбеков пен Д.Құрманова марапатталды.

«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Е.Әбдіқадыровқа, Жоғарғы Соттың отставкадағы судьялары Т.Айтмұхаметовке, Н.Сухановаға, Г.Мақажановаға, А.Линникке, В.Буловичке, М.Малаховқа және К.Жалмұханбетовке табысталды.

Жоғарғы Соттың отставкадағы судьялары М.Бабушкин, Т.Берқалиева, Н.Сынғалиева ведомстволық награда алды.

Республиканың Судьялар одағының атынан «Үш би» құрмет белгісі Жоғарғы Сот судьясы М.Жанғұттиновке, Құрмет грамотасы Жоғарғы Сот судьясы Ж.Архароваға табыс етілді.

Іс-шара соңында Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәми марапатталғандарды құттықтап, сот жүйесін дамытудағы жұмыстарына табыс тіледі.

2

Соңғы жаңалықтар