Конституциялық кеңес 22-тамызда Коммерциялық емес ұйымдарға қатысты заңдардың ҚР Ата заңына сәйкестігіне қатысты Елбасының сауалын қарайды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конституциялық кеңес 22-тамызда Коммерциялық емес ұйымдарға қатысты заңдардың ҚР Ата заңына сәйкестігіне қатысты  Елбасының сауалын қарайды

Конституциялық кеңес 22-тамызда Коммерциялық емес ұйымдарға қатысты заңдардың ҚР Ата заңына сәйкестігіне қатысты Елбасының сауалын қарайды

22-тамыз, дүйсенбіде Конституциялық кеңес президенттің қол қоюына жолданған "Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін халықаралық және коммерциялық емес ұйым филиалдары мен өкілдіктерінің іс-қызметі туралы" және "Коммерциялық емес ұйымдардың іс-қызметіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу" жөніндегі заңдардың ҚР Ата заңына сәйкестігін дәйектеу туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сауалын қарауға кіріседі. Бұл туралы бүгін, 19-тамызда кеңес төрағасы Игроь Рогов отырыс аяққталғаннан кейін журналистерге берген сұхбатында құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Тамыз 2005
  • 577
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Конституциялық кеңес президенттің сауалын 13-шілдеде қарауға қабылдаған.

Үкіметтік емес коммерциялық ұйымдардың іс-қызметін реттейтін заңдарды парламент 2005-жылдың 29-маусымында қабылдаған. Оларда шетелдік және халықаралық бейресми коммерциялық ұйымдардың Қазақстан аумағындағы іс-қызметіне мемлекет тарапынан қойылатын бақылауды күшейту қарастырылған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін халықаралық және коммерциялық емес ұйым филиалдары мен өкілдіктерінің іс-қызметі туралы» заңға сәйкес, шетелдік немесе халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерін «азаматтар мен түрлі әлеуметтік топтардың саяси ерік-жігерін білдіру және олардың мүддесін мемлекеттік өкіметтің өкілетті және атқарушы билік мекемелерінде қорғау үшін» құруға рұқсат берілмейді. Сонымен бірге заң шетелдік немесе халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерін ҚР әділет министрлігінде міндетті түрде аккредитациялау және тіркеу институтын енгізуді заңдастырады.
Депутаттар «Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін халықаралық және коммерциялық емес ұйым филиалдары мен өкілдіктерінің іс-қызметі туралы» заң жобасына үкіметтік емес ұйымды қаржыландыруға міндетті түрде жергілікті атқарушы органның келісімін алу жөніндегі норманың орнына қаржыландыру жөнінде жергілікті атқарушы органды хабарландырып отыру туралы тәртіп енгізді.
«Коммерциялық емес ұйымдардың іс-қызметіне қатысты қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу» жөніндегі заң Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске түзетулер енгізеді. Бұл кодекске шетелдік немесе халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктеріне заңнамада белгіленген қаржыландыру тәртіптерін бұзғаны, жергілікті атқарушы билік мекемелеріне халықаралық ұйымдар мен шетелдік заңды тұлғалардың қаржысына шаралар өткізілетіні туралы құлағдар етпегені немесе дер кезінде хабарландырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктеу туралы бап енгізіледі. Ал «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңға шетелдік немесе халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерін ҚР әділет министрлігінде міндетті түрде аккредитациялау және тіркеу туралы норма енгізіледі.
Бұл заңдар еліміздегі үкіметтік емес ұйымдардың наразылығын тудырды. «Бұл заң жобаларын депутаттар ұсынған күйде қабылдау негізгі халықаралық құжаттар мен ҚР Конституциясында бекітілген іргелі құқықтардың шектелуіне, соның ішінде бірлестіктер құру еркіндігі, сөз және ар-ұждан бостандығы сынды басты құққытардың шектелуіне алып келеді». Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің пайымдауынша, «заң жобаларында қарастырылған үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық ұйымдарды аккредитациялау және олардың іс-қызметін мемлекеттік мекемелер тарапынан бақылау процедуралары ұлттық және коммерциялық емес бейресми ұйымдардың жұмысына негізсіз кедергілер келтіріп, олардың жұмысына мемлекет тарапынан негізсіз қатаң бақылау қоюға алып келеді. Сол арқылы азаматтық қоғам институттары мен биліктің өзара ықпалдастық жүргізуінің құқықтық аясын тарылта түседі». Мәлімдеме авторларының пайымдауынша, бұл шаралар «еліміздің халықаралық міндеттемелері мен ресубликаның ұлттық заңнамаларына қайшы».

Перейти к новостям спорта