Конституциялық кеңес адвокатура мәселері бойынша заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулерді Ата заңға сай келмейді деп таныды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конституциялық кеңес адвокатура мәселері бойынша  заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулерді Ата заңға сай келмейді деп таныды

Конституциялық кеңес адвокатура мәселері бойынша заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулерді Ата заңға сай келмейді деп таныды

АСТАНА. 14-ақпан. Kazakhstan Today. Конституциялық кеңес 2006-жылдың 30-қарашасында парламент қабылдап, 2006-жылдың 7-желтоқсанында президенттің қол қоюына ұсынылған "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңын Ата заңға сай келмейді деп таныды. Конституциялық кеңестің осы жөніндегі қаулысын бүгін кеңес төрағасы Игорь Рогов бүгін мәжілістің жалпы отырысында оқып берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 14 Ақпан 2007
  • 669
Фото - Caravan.kz

«Парламентте қабылданған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы Ата заңға сай келмейді деп тануды Конституциялық кеңес қаулы етеді. Бұл заңға президент қол қоюға және ол күшіне енуге тиіс емес. Конституциялық кеңестің қаулысы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және ел аумағында жаппай орындалуға тиіс, бұл қаулыға қарсы шағымдануға болмайды», деп мәлімдеді И.Рогов.

Оның айтуынша, Конституциялық кеңес ел үкімет басшысының өткен жылғы 29-желтоқсандағы өтініші бойынша аталмыш заңның Конституцияға сәйкестігін қарауға кіріскен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті