Конституциялық кеңес Арал тұрғындарына жеңілдіктер көрсетуді көздейтін заң нормасын Ата Заңға сай деп тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конституциялық кеңес Арал тұрғындарына жеңілдіктер көрсетуді көздейтін заң нормасын Ата Заңға сай деп тапты

Конституциялық кеңес Арал тұрғындарына жеңілдіктер көрсетуді көздейтін заң нормасын Ата Заңға сай деп тапты

Конституциялық кеңес 1992-жылдың 30-маусымында қабылданған ҚР "Аралдағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" заңының 13-бабы Ата заңға сай деп тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Конституциялық кеңесінен хабарлады.

  • 29 Сәуiр 2005
  • 784
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Жоғарғы соты заңның аталмыш нормасын Конституцияға қайшы деп тану туралы Конституциялық кеңеске таныстару жолдаған. ҚР Жоғарғы сотының пікірінше, заңның бұл бабында адамдардың аталмыш экологиялық қолайсыз аймақта тұруын талап ететін шарт «азаматтарды тұрғылықты жеріне қарай алалауға жол береді». Жоғарғы соттың пайымдауынша, «бұл осынау экологиялық апат аймағында бұрындары тұрған, экологиялық апаттан зардап шегуші деген мәртебесі бар адамдарды тиісті жеңілдіктерден айыратындықтан, Конституцияның 14-бабына қайшы келеді».

«Аралдағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңының 13-бабында экологиялық қолайсыз аймақта тұратын тұрғындарға жоғары деңгейде жалақы мен зейнетақы төлеу, қосымша ақылы демалыс беру және денсаулығын сауықтыруға материалдық көмек беру сынды әлеуметтік жеңілдіктер кешенін түрлі сипатта көрсетуді көздейді.
Аталмыш бапты Ата заңға сай деп тапқан Конституциялық кеңес өз қаулысымен үкіметке Аралдағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғауға қатысты заңнаманы сәйкестендіруге шаралар қолдануға нұсқау берді.

Перейти к новостям спорта