Конституциялық кеңестің шешімін жария ететін уақыты мен мерзімі туралы қосымша хабарлама жасалады,- деді кеңес төрағасы Игорь Рогов.
Конституциялық кеңестің ашық отырысында парламентте қабылданып, президенттің қол қоюына жолданған «Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін халықаралық және коммерциялық емес ұйым филиалдары мен өкілдіктерінің іс-қызметі туралы» және «Коммерциялық емес ұйымдардың іс-қызметіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу» жөніндегі заңдарға қатысты үкімет, Бас прокуратура, ҚР СІМ, омбудсмен және парламент депутаттарының қорытындылары қаралды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, аталмыш заңдардың ҚР конституциясына сәйкестігін анықтау туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеңеске сауал жолдаған болатын. Шетелдік және халықаралық бейресми коммерциялық ұйымдардың Қазақстан аумағындағы іс-қызметіне мемлекет тарапынан қойылатын бақылауды күшейту қарастырылған бұл құжаттарды қабылдауға бейресми ұйымдар қарсылық білдіруде.