Конституциялық кеңес сайлау туралы заңға енгізілетін түзетулерді Ата заңға сәйкес деп тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конституциялық кеңес сайлау туралы заңға енгізілетін түзетулерді Ата заңға сәйкес деп тапты

Конституциялық кеңес сайлау туралы заңға енгізілетін түзетулерді Ата заңға сәйкес деп тапты

ҚР Конституциялық кеңесі сайлау туралы заңға енгізілетін түзетулерді Ата заңға сәйкес деп тапты. Бұл туралы бүгін, 9-сәуірде кеңес қаулысын оқып таныстырған ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі Анатолий Котов хабарлады.

  • 9 Сәуiр 2004
  • 489
Фото - Caravan.kz

А.Котовтың айтуынша, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның ережелері қабылдану процедурасына және мазмұнына қарай ҚР Ата заңына қайшы келмейді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң 2004-жылдың 15-наурызында үшінші оқылымда қабылданды. 2-сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев парламентте қабылданған заңды ҚР Ата заңына сәйкестігін сараптату үшін Конституциялық Кеңестің қарауына жіберді.
Ал ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Юрий Хитриннің хабарлауынша, тағы да осы кеңеске жолданған «БАҚ туралы» заң алдағы аптада қаралады. Бірақ Ю.Хитрин аталмыш заңның дәл қай күні сарапталатынын ашып айтпады.