Конституциялық Кеңес Жер Кодексінің Қазақстан Республикасы Ата заңына сәйкестігіне байланысты Елбасының жолдауын қарауға қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конституциялық Кеңес Жер Кодексінің Қазақстан Республикасы Ата заңына сәйкестігіне байланысты Елбасының жолдауын қарауға қабылдады

Конституциялық Кеңес Жер Кодексінің Қазақстан Республикасы Ата заңына сәйкестігіне байланысты Елбасының жолдауын қарауға қабылдады

Бүгін, 9-маусымда Астанада Конституциялық Кеңестің отырысы өтіп, онда Жер Кодексінің Қазақстан Республикасы Ата заңына сәйкестігіне байланысты Елбасының жолдауы Кеңестің қарауына қабылданды ,- деп хабарлайды Астанадағы KZ-today тілшісі.

  • 9 Маусым 2003
  • 770
Фото - Caravan.kz

ҚР әділет министрі Оңалсын Жұмабековтың айтуынша, президент жалпы Жер Кодексінің Қазақстан Республикасы Ата заңына сәйкестігіне байланысты

сауал қойғанымен, шын мәнінде, «сұрақ жерді жеке меншікке беру төңірегінде болып отыр». Осы орайда әділет министрі Жер Кодесінің нормалары ҚР Конституциясына жалпы қайшы келмейді деп атап көрсетті.
Конституциялық Кеңестің отырысына қатысқан сенат депутаты Леонид Бурлаков:
«Жер Кодексінің үкіметтік үлгісінде кемшін тұстар жоқ емес, алайда олар заңды Конституцияға қайшы деп қабылдауға негіз бола алмайды»,- деді.
Ал мәжіліс депутаты Жазбек Әбдиевтің пікірінше, «заң нормаларын жүзеге асыру барысында сан алуан түсінік қалыптасатындықтан соның салдары ретінде соттарға шағым түсіру оқиғасы белең алатыны сөзсіз». Сол себепті Жазбек Әбдиевтің пікірінше : «Жер Кодексі үкіметке кері қайтарылуға, немесе оған жарым-жартылай вето қойылуға тиіс.»
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Жер Кодексін сарапқа салу барысында мәжіліс депутаттары құжаттың үкіметтік үлгісіне 450-ден астам түзету енгізіп, олардың
10-ымен үкімет келіспеген.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР премьер-министрі Иманғали Тасмағанбетов үкіметке сенім білдіру туралы мәселе көтеріп, жасырын дауыс беру барысында вотум тиісті мөлшерде дауыс жинай алмағандықтан, Жер Кодексінің жобасы сенаттың талқылауынсыз қабылданған болатын. ҚР Конституциясына сәйкес мұндай жағдайда заң жобасы үкімет ұсынған үлгі бойынша қабылданады.
Жер Кодексінің Қазақстан Республикасы Ата заңына сәйкестігіне байланысты Елбасының жолдауына Конституциялық Кеңес ертең, 10-маусымдағы шешіммен жауап қайтарады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар