Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Конституциялық кеңесі президент сайлауының мерзімін анықтау жөніндегі депутаттардың өтінішін қарауға қабылдаған болатын. Осы жөнінде сауал жолдау туралы мәжіліс депутаты Валерий Котович бастама көтерген. ҚР Ата заңының 56-бабына сәйкес, президент сайлауының мерзімін жариялау құқығы тек мәжіліске ғана тиесілі. Бірқатар сарапшылардың пікірінше, жаңадан сайланған президент 2006-жылдың қаңтар айында қызметке кірісу үшін сайлау 2005-жылдың желтоқсан айында өткізілуі тиіс деген пікірде. Сонда ғана Конституцияның 41-бабында көрсетілген 7 жылдық өкілеттілік мерзімі сақталады.
ҚР Ата заңына сәйкес, тек Конституциялық кеңес қана оның тәртіптеріне ресми түсініктеме беруге құқылы.