Конституциялық кеңестің қарауына берілген "БАҚ туралы" заң Ата заңға сәйкес - ҚР бас прокуратурасы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конституциялық кеңестің қарауына берілген "БАҚ туралы" заң Ата заңға сәйкес - ҚР бас прокуратурасы

Конституциялық кеңестің қарауына берілген "БАҚ туралы" заң Ата заңға сәйкес - ҚР бас прокуратурасы

Конституциялық кеңестің қарауына берілген "БАҚ туралы" жаңа заң Ата заңға сәйкес. Бүгін, 21-сәуірде өткен Конституциялық кеңестің отырысында ҚР бас прокурорының орынбасары Асхат Дауылбаев осындай пікір білдірді.

  • 21 Сәуiр 2004
  • 672
Фото - Caravan.kz

«Бас прокуратураның пайымдауынша, парламентте бекітілген заңның нормалары қазіргі қолданыстағы Конституцияға қайшы келмейді»,- деді ол.

Ал ҚР әділет министрінің орынбасары Сабыржан Бекбосыновтың айтуынша, «әділет министрлігі үкіметтің ұстанымын қолдайды, әрі аталмыш заң ҚР Ата заңына толық сәйкес деген пікірде».
Регламентке сәйкес Юрий Хитрин бастаған Конституциялық кеңес «БАҚ туралы» заң бойынша ақырғы шешім шығару үшін мәслихат бөлмесіне шықты. «Бұл өте күрделі мәселе болғандықтан, Конституциялық кеңестің аталмыш заң бойынша қорытынды қаулысын жария ету мерзімі қосымша хабарланады»,- деді Ю.Хитрин.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «БАҚ туралы» жаңа заңның жобасы бір жылдан бері талқылануда. Құжатқа Қазақстан журналистері конгрессінің, Азаматтық қоғамды дамыту және оны одан әрі демократияландыру жөніндегі ұсыныстар дайындаушы тұрақты кеңестің, сондай-ақ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының көптеген ұсыныстары енгізілді. 2004-жылдың 18-наурызында парламент «БАҚ туралы» заңды қабылдап, мемлекет басшысының
қол қоюына жіберді.
Аталмыш заңның маңызын ескерген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оны 31-наурызда Конституциялық кеңеске ҚР Ата заңына сәйкестігін сараптауға жолдады.

Соңғы жаңалықтар