Конституциялық реформа аясында парламент сот жүйесі мен ҚР Конституциялық кеңесіне қатысты бірқатар заң жобаларын қабылдауы қажет - Дьяченко - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конституциялық реформа аясында  парламент сот жүйесі мен ҚР Конституциялық кеңесіне қатысты бірқатар заң жобаларын қабылдауы қажет  - Дьяченко

Конституциялық реформа аясында парламент сот жүйесі мен ҚР Конституциялық кеңесіне қатысты бірқатар заң жобаларын қабылдауы қажет - Дьяченко

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Конституциялық реформа аясында парламент сот жүйесі мен ҚР Конституциялық кеңесіне қатысты бірқатар заң жобаларын қабылдауы қажет. Бұл туралы "Әлеуметтік- саяси модернизациялаудың Қазақстандық жолы" атты дөңгелек үстел барысында Қазақстан парламенті мәжілісінің вице-спикері Сергей Дьяченко мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 15 Мамыр 2008
  • 1146
Фото - Caravan.kz

«Төртінші шақырылған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында мемлекет басшысы депутаттар алдына жаңа буын заңдарының жобасын жасау және олардың жүзеге асырылуына ықпалды бақылауды қамтамасыз ету мақсатын қойды», -деп еске салды С. Дьяченко.

«Осыған байланысты біз конституциялық аяға енгізілген саяси жаңашылдықтарды бекіре түсуге бағытталған бірқатар заңдар мен оларға түзетулердің кешенін қарап, талқылап, қабылдауымыз қажет», -деді ол.

Атап айтсақ, «саяси модернизацияны заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету, сондай-ақ, қолданыстағы құқықты Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкестендіруді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету үшін парламент сот жүйесі мен судьялардың мәртебесіне, парламенттің комитеттері мен комиссияларының іс-қызметіне, сондай-ақ, еліміздің Конституциялық кеңесінің іс-қызметіне қатысты заңдарға енгізілетін түзетулерді қабылдауы керек». «Бұған қоса, саяси партиялар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының іс-қызметін реттейтін заңдар, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен және көлеңкелі экономикамен күресті одан әрі күшейтуге бағытталған заң жобалары қаралады», — деді мәжілістің вице-спикері.

Ол қазір Конституцияның жаңа нормаларына сәйкес «Қазақстан Республикасының президенті туралы», «Қазақстан Республикасының үкіметі туралы», «Қазақстан Республикасының парламенті мен оның депуттарының мәртебесі туралы», » Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңдарға түзетулер енгізілгенін еске салды.

«Осынау аса маңызды заңнамалық актілер республикадағы саяси биліктің құқықтық тұғырнамасын құрайтындықтан, бірінші кезекте түзетуді талап етті», -деді С. Дьяченко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті