Конституциямыздың 20 жылдығы Астанада ерекше аталып өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конституциямыздың 20 жылдығы Астанада ерекше аталып өтіп жатыр

Конституциямыздың 20 жылдығы Астанада ерекше аталып өтіп жатыр

Конституциямыздың 20 жылдығы Астанада ерекше аталып өтіп жатыр. Екі күннен бері жұрт алаңға жиналып, түрлі мәдени шараларға қатысуда.

  • 1 Қыркүйек 2015
  • 250
Фото - Caravan.kz

Ал  қонақтарды әдетте тек мемлекет басшыларының ғана алдынан шығатын құрмет қарауыл ротасының сарбаздары күтіп алды. Сайдың тасындай іріктелген бұл жігіттерді жұрт күнде көре бермейді. Бірақ, Конституция күні қарсаңында сол қарауыл ротасы қару ұстап, көпшілікке өнер көрсетті. Президенттің үрмелі аспаптар оркестрі 80 жылдары хит болған шетелдік музыкаларды орындады. Жастық шағының әуенін естіп қуанғандары тура алаңда билеп жүр. Сарбаздардан өзге эстрада жұлдыздары да патриоттық әндерден шашу шашты. Ата заңымыздың 20 жылдығына арналған салтанатты шаралар Астананың бірнеше ауданында, «Бәйтерек» монументі, «Студенттер» саябағында  ұйымдастырылған.

Есім Кенжалиев:

— Батыс Қазақстаннан келіп тұрмыз біздер, көрейік деп. Еліміздің жетістіктеріне, әр істеріне мақтанышпен қараймыз. Астананы қарап 2-3 күннен бері риза болып жүрміз. Барлық қазақстандықтар тәуелсіздігімізді мақтаныш етіп, осылай тойлап жүре берсін!

Соңғы жаңалықтар