«Астана» командасын басқарған кезде мен Джузеппе Мартинеледің тәжірибесіне жүгінемін. Өз басым осы кісінің қолдауына сенемін. Бәлкім, 2013 жылы Контадор «Астана» командасына оралады. Оның қайта келуге ниеті бар. «Тур де Франстан» кейін мен онымен кездескен болатынмын. Сол кезде ол «Астанаға» оралуға қарсы емес екендігін білдірді», — дейді А.Винокуров.