Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ләззат Ахатованың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Олар үшін ораза айында Алладан кешірім тіледім, дейді Ләззат Ахатова.
“Көзі тірісінде әйелі екеуіне мавзолей тұрғызған бұрынғы қайын атаңыз туралы неге ештеңе жазбадыңыз?”- депті бір кісілер..
Не жазуым керек еді?..Көзі бар адамдар көріп отыр. Өзіндік ой-пікірі бар адам таным деңгейіне қарай ой түйеді. Ол кісінің өзі жауап беріп жатыр екен, менің ол кесенеге еш қатысым жоқ. Оған әрине, қуанам)
Көп нәрсе айтуға, тіл қысқа..Ортада балалар бар. “Су ішкен құдығыңа түкірме”-деген. Жаманды-жақсылы 23 жыл сол шаңырақтың келіні болыппын.
Ал, ол видеоны әріптестерім ватсапқа жібергенде, жерге кірердей қысылғаным рас..Пандемиядан әзер есін жиған халықты бір жағы қымбатшылық қысып, қарызға азық-түлік алып жатқанда, әулиелердің атын жамылып, зәулім сарайдай кесене салып, оның ішіне өз отбасы мүшелеріне ескерткіш орнатып жатқан жандармен бір отбасы мүшесі болғаным үшін, басқа қандай реакция болуы мүмкін еді?..
Дәл қазіргі уақыт сән-салтанат құратын уақыт па еді, сол нәрсеге кеткен қыруар қаражатты үйсіз-күйсіз жүрген шын мұқтаж жандарға, жетім-жесірге жұмсаса, кеудемді мақтаныш сезімі кернер еді-ау..
Ораза айында Алладан ол кісілердің біліп-білмей істеген күнәларын, астамсыған пенделік әрекеттерін кешсін деп тілеймін. Балаларым сол кісінің ұрпағы болған соң, амалым қанша?..Перзенттерімнің алдынан шықпаса екен деп тілейді ғой, қай ана болмасын. Әркім өз ісіне өзі жауап берсін. Адамның алдында да, Алланың алдында да..
Маған артық әңгіме жазбасаңыздар, өтініш.
Жаңа Қазақстанды шынымен құрамыз десек, шенеуніктердің дүние-мүліктері түгел тексеруден өтіп, мұндай әрекеттерге тосқауыл қойылу керек. Мемлекеттік қызметте, сот саласында таза адамдар ғана жұмыс істеу керек. Бұл менің қоғам мүшесі ретіндегі ұстанымым, көзқарасым, пікірім.
“Платон — менің досым, алайда ақиқат қымбат”. Ең жақсы көретін цитатам. Осындай ұстаным барда ғана, елімізде шын мәнінде даму болатынына сенем", деп жазды ол желіде.
"Кішкене шыдағаныңызда сізге де бір орын берер еді…", "Мен бұл кісінің арамдығына, аялығына қатты таң қалып отырмын. Өзінің жемқорлықпен жиған арам дүниесіне салған моласын сақтап қалу үшін, қазақтың әулиесі Бекет атаның атын өтірік жамылып, аруақтан аттап кетті. Құдай сақтасын, өзіне салған моласын, тірісінде өтірік көлгірсіп қорғаған адамды да көрдік. Тағы бір жағдай, бұл Қазақстан сот жүйесінің іріп- шірігендігін айқын көрсететін мола, яғни сот жүйесі моласы", "Экс қайын атаңыз қиуадан шапты, қисынын тапты, тағыны жетпей қайырды. Мәйіт салатын жәшік туралы айтпай кетті", деп жазды оқырмандар.
“Көзі тірісінде әйелі екеуіне мавзолей тұрғызған бұрынғы қайын атаңыз туралы неге ештеңе жазбадыңыз?”- депті бір…
Posted by Lyazzat Akhatova on Monday, April 18, 2022