Сондықтан болар, қазақ қыздары күйеуге шыққанымен, төсекте ләззат ала алмай жатады. Және соны жасырады. Бұның ақыры оның сезімдерінің бір сәтте белгісіз жерде белгісіз адаммен арада оянуына алып келеді, деп жазады Экспресс К.
– Үлкен қалада тұратын қыздар өздеріне қатты қарайды. Мыңдаған ақшаны сұлулық салондарына жіберіп, тіпті үй жанында орналасқан дүкенге шығу үшін жарты сағат әдеміленеді, — дейді жыныстық өмір әдістемесінің авторы Рисалят Мирғалиева. — Шашынан бастап беліне дейін бәрі керемет, ал енді одан төмен қарай бәрі «қатып қалған». Ешқандай жұрттың назарын өзіне аударарлық киім киілмейді. Секс тақырыбы – табу, яғни ол туралы ештеңе айтуға да болмайды. Әйел мен ана ешқандай төсек ләззаты туралы білмеу ікерек. Олар үшін бұл — табиғатта жоқ нәрсе.
– Бұндай асексуалдық жас қыздардың арасында да кездеседі ма?
– Әрине. Егер оның отбасында қыздар кілең ертегілердегі ханшайым секілді тәрбиеленсе, онда ол ешқашан бұл туралы ойламайды. Сосын барып, осындай қызды оның күйеуі тастайды. Ер адамды кінәлауға асықпаңыз. Өйткені ол шаңырақ иесі болуымен қатар төсекте де өзін көрсеткісі келеді. Әрине, отбасында бәрі жыныстық қатынасқа келіп тірелмейді. Алайда онсыз махаббатқа да орын жоқ. Ал мен жыныстық өмірді нығайту әдістемелерін үйретемін.
– Сізге келіп тұратын қыздардың орташа жас мөлшері қандай?
– Маған 25 жастағы қыздармен қатар зейнетке шыққан тәтелеріміз де келіп жатады. Арасындағы ең жасы үлкені 60-та болған. Ол менің курстарымнан кейін өмірінде бірінші төсек ләззатын алыпты. Керемет апа. Маған қуанышын жеткізіп, енді о дүниеге кете беруден де қорықпайтынын айтты.
– Курсқа қатысушыларға қандай дәрістер бересіз?
– Мен оларды вагиналдық массажға үйретемін. Эротикалық ләззатқа қоса сезімге толы әр дене бұлшық еттеріне көңіл бөлінсе, ол сізді жоғары сезім нүктесіне жеткізеді. Адам бастан-аяқ рахатқа бөленеді.
– Жоғарғы деңгейдегі жыныстық ләззатқа жету туралы қандай ойыңыз бар? Ер адамды ренжітпеу мақсатында өтірік ләззат алғандай болу дұрыс па?
– Жоқ, ондайға барудың қажеті жоқ. Жатын бөлмеңізді театр сахнасына айналдырмаңыз. Ерте ме, кеш пе, сіз бұдан шаршап, бір күні өтірігіңіз шығып қалады. Бізде жылына жүздеген отбасы ажырасып жатады. Солардың жартысы осы себептен болады.