Бұл туралы ол "Qasqa Jol" Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Менің балам 9 сыныптарда намаз оқып кетті де үйде көп нәрселерге тыйым қоя бастады. Сосын мен оған ұрыстым. "Сен неге шешеңе қарап орамал тақ, намаз оқы, ананы үйт, бүйт", — деп сөйлейсің дедім. Бір күні кеше қарай ұстаз шақырып жатыр деп кетіп бара жатыр. Жылайын деп тұр, барғысы келіп тұр. "Ұстазыңа сәлем айтып бар, ертең әкем жібермей қойды деді. Тыңдама десе, онымен жеке сөйлесемін. Сен маған намаз оқы деп айтуға құқығың жоқ. Сенің сөзің маған бұйрық емес. Менің сөзім саған бұйрық", — деп едім содан кейін ол тынышталып кетті. Кейін барып түсінді "солай айтыппын ғой", — деп. Сол ұстаздарына ол ағымның дұрыс емес екені дәлелденді. Ағымдарының қандай екенін білмеймін. Олар тамақты көргенде "етті бауыздадыңыздар ма?", — дегенге дейін кетіп қалды олар", — деді Уәлибек Әбдірайымов.