Көп партиялы жүйе - оппозициялық партиялар тарапынан биліктегі партиялардың іс-қызметін қатаң қадағалау деген сөз - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көп партиялы жүйе -  оппозициялық партиялар тарапынан биліктегі партиялардың іс-қызметін қатаң қадағалау деген сөз

Көп партиялы жүйе - оппозициялық партиялар тарапынан биліктегі партиялардың іс-қызметін қатаң қадағалау деген сөз

АСТАНА. 9-қазан. Kazakhstan Today. Көп партиялы жүйе - оппозициялық партиялар тарапынан биліктегі партиялардың іс-қызметін қатаң қадағалау деген сөз. Бұл туралы бүгін мәжіліс депутаты, "Отан" партиясы төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Ү отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 9 Қазан 2006
  • 1426
Фото - Caravan.kz

«Көп партиялы жүйе, еркін саяси бәсекелестік — оппозициялық партиялар тарапынан биліктегі партиялардың іс-қызметін қатаң қадағалауды меңзейді»,- деді ол.

«Оппоненттің сыбайлас жемқорлық пен билікті асыра пайдалануға жасаған кез-келген қадамы саяси текетірестің аргументіне айналып, биліктің өзгеруіне алып келуге тиіс»,- деді ол. Д.Назарбаеваның пікірінше, мемлекеттік комиссияның міндеті — оппозициялық партиялардың осындай қоғамға қажетті «санитарлық іс-қызметіне» кедергі келтірмейтіндей заңдар мен тәртіптердің жиынтық жобасын жасауға саяды. «Саяси себептерге байланысты саяси қарсыластардың соңынан түсу, сайлау заңнамасымен ойнап, қолшоқпарға айналдыру мүмкіндіктері жойылуға тиіс»,- деді ол.

«Заңның үстемдік құруы, еркін саяси бәсекелестік, кемелденген азаматтық қоғам — міне бұл өзіміз көздің қарашығындай сақтайтын құндылықтар. Осындай жағдайда ғана әрбіреуіміз мемлекеттік машина тарапынан жасалатын зорлық-зомбылық пен бассыздықтан қорғалатын боламыз»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта