Көп жауған жаңбыр салдарынан Шымкентте үйлерді су шайып кету қаупі төнді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көп жауған жаңбыр салдарынан Шымкентте үйлерді су шайып кету қаупі төнді

Көп жауған жаңбыр салдарынан Шымкентте үйлерді су шайып кету қаупі төнді

Көп жауған жаңбыр салдарынан Шымкентте тұрғын үйлерді су шайып кету қаупі төнді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Қараша 2003
  • 570
Фото - Caravan.kz

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тек өткен бір тәулікте жедел құтқару бөлімінен көмек сұраған азаматтардан 13 телефон қоңырауы келіп түскен. 8 жағдайда жедел құтқару бөлімінің жауынгерлері оқыс оқиға орнына жетіп, ирригациялық қызмет қызметкерлерімен бірлесе отырып Қошқар ата өзенінің сағасын тазарту жұмысына қатысып, өзендердің жағалауын күшейтіп, судың жолын бұрып әкетуге арналған каналдар қазды.

Күн райын бақылаушы мамандардың ақпаратына жүгінсек, 4-қараша күнгі 8 сағаттан 5-қараша күнгі 8 сағатқа дейін Шымкентте 38 мм-лік ылғал түскен. Бұл Қошқар ата өзені мен Қарасу каналындағы су деңгейінің көтерілуіне, сондай-ақ, қала көшелеріндегі су арықтарының суға толуына апарып соқты.
Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма қызметкерлері бір тәулік ішінде қатерлі орындарды аралап, құм салынған 1000-нан астам қаптар дайындалды. Басқарма қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік жасады.
Облыс аудандарынан су шайғандығы туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Төле би ауданында 37, Түлкібас ауданында 36, Кентау қаласында 10 мм-лік ылғал түсті.
Ал басқа аудандардағы ылғалдылық көрсеткіші 5-10 мм-ден аспайды.

Соңғы жаңалықтар