Көп жауған жаңбырдан Алматының Қалқаман ықшамауданының тұрғындары жарықсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көп жауған жаңбырдан Алматының Қалқаман ықшамауданының тұрғындары жарықсыз қалды

Көп жауған жаңбырдан Алматының Қалқаман ықшамауданының тұрғындары жарықсыз қалды

Көп жауған жаңбырдан Алматының Қалқаман ықшамауданында орналасқан 5 қабатты 12 үй мен қалалық №1 клиникалық аурухана жарықсыз қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Ақпан 2004
  • 457
Фото - Caravan.kz

Ақпанның 16-нан 17-не қараған түні жауған нөсер жауын салдарынан қалалық аурухана аумағындағы қосалқы станцияны су алып кетті. Апаттық жұмыстар жүзеге асырылып, ондағы су насостармен сорғызып алынды.

Қазіргі жағдаймен аурухананы тоқпен қамтамасыз ету жұмысы қалпына келтірілді. Ал үйлер бүгін түстен кейін жарықпен қамтамасыз етіледі.
Төтенше жағдайдың зардабын жоюға Қарасай аудандық электр станциясы мен «Водоканал» ҚКК-ның 11 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.
Сондай-ақ, табиғаттың тосын мінезінен Шығыс Қазақстан облысындағы 31 елді мекен жарықсыз қалды. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ақпанның 16-нан 17-не қараған түні Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында жылдамдығы секундына 30 метрге жететін күшті боран соқты. 17-ақпан күні түстен кейін аудандық электр станциясының күштері электр қамтамасыздығын қалпына келтірді.

Соңғы жаңалықтар