Көпбалалы ана Елбасыға: Мемлекет көп балалы аналарға үнемі қолдау көрсетіп келеді, бәрі сіздің арқаңызда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көпбалалы ана Елбасыға: Мемлекет көп балалы аналарға үнемі қолдау көрсетіп келеді, бәрі сіздің арқаңызда

Көпбалалы ана Елбасыға: Мемлекет көп балалы аналарға үнемі қолдау көрсетіп келеді, бәрі сіздің арқаңызда

Астана қаласында Нұрсұлтан Назарбаев төрағалығымен "Нұр Отан" партиясының XVIII съезі өтіп жатыр.

  • 28 Ақпан 2019
  • 526
Фото - Caravan.kz

Съезд партияның 20 жылдық мерейтойына ойластырылған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Елбасы әлеуметтік салаға аса көңіл бөлу керектігін ескерді. Әсіресе көп балалы отбасыларды қолдау мәселесіне жіі тоқталды. Үкіметке тұрмысы төмен көп балалы отбасылардың жәрдемақысын өсіру әре оларға арнап 40 мыңға жуық пәтер салуды тапсырды. Съездге қатысып, Мемлекет басшысының сөзін тыңдаған көп балалы ана Ғалия Ақбасова сөз сөйледі. Өз сөзінде ана Елбасына зор алғысын білдірді.

"Мен қазір зейнеткермін. Бірақ, зейнеткермін деп, қол қусырып отырған жоқпын. Аналар кеңесінің төрайымымын. Жастарға ақыл кеңесімізді беріп, жөн сілтеп отыратымз. Жастарға айтарым: алдыңғы буын аналардың сабырынан үлгі алсаңыздар деймін. Мемлекет көп балалы аналарға үнемі қолдау көрсетіп келді және көмекті арттыра береді. Бүгін Елбасының ұсыныстарын тыңдап, көңілім қуанып отыр" — деген зейнеткер ана көп балалы отбасырға жасалып жатқан жеңілдіктер үшін Елбасына ризашылығын жеткізді.

"Ана ретінде үлкен тебіреніспен қабыл алдым. Көп балалы отбасыларға үлкен қолдау көрсетуіңіз болашаққа сенімді ұлғайтты. Қазір аналар көп балалы болудан қорықпайды,өйткені ана мен бала мәселесі алда тұрғанын біледі", — дей келе Ғалия апай Елбасына басын иді.


Соңғы жаңалықтар