Көпбалалы ана жаңа туған шақалағын кәдімгі кір машинаның ішіне салып жіберіп, техниканы айналдырған. Жантүршігерлік оқиға Свердлов облысына қарасты Талица қаласында болған. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары жазуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Е1.ru" дерегіне сүйенсек, оқиға 23 қаңтарда болған. Шақалақ дәл осы күні дүниеге келген екен. Сол кезде анасы оны кір машинаға салып жіберген. 31 жастағы күдікті шаштаразда жұмыс істейді. Жаңа туған сәбидің жынысы қыз болған. Ол көпбалалы ананың төртінші сәбиі еді.
Осы оқиғаға қатысты әзірге қауіпсіздік қызметкерлері тарапынан ресми түсініктеме жоқ.