Көпбалалы аналаларға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілері тапсырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.26
  • 514.48
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көпбалалы аналаларға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілері тапсырылды

Көпбалалы аналаларға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілері тапсырылды

Алматыда көп балалы аналаларға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілері тапсырылды.

  • 4 Шiлде 2011
  • 1197
Фото - Caravan.kz

Өткен аптаның соңында Жетісу ауданының көп балалы аналарына «Алтын алқа» белгілері табысталды.

Төс белгінің жасы ең үлкен иесі — 88 жастағы Жұмагүл Мәлібаева атанды. Ол он баланы өсіріп, тәрбиелеген. Салтанатты шараға ардақты ана ұлымен келіпті.

Елбасының қолы қойылған кітапша мен алтын алқаны және гүл шоқтарын алған Жұмагүл апа мемлекет пен аудан басшыларына алғысын білдірді.

Бұнымен қатар, дәл осындай алтын белгілермен осы ауданның ардақты аналары Жұмазия Есқалиева мен Рахиля Тахтиева марапатталды.

Салтанатты шара ҚР Президентінің 2010 жылы 17 ақпандағы «Көп балалы аналаларды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапаттау туралыі» Жарлығы аясында өтті.

Жетісу ауданында 2010 жылы осындай үлкен марапатқа 298 көп балалы ана ие болған болатын.