Жарияланды: 40

Көпбалалы аналарға 2 пайыздық несие беріледі

Көпбалалы аналарға 2 пайыздық несие беріледі Сурет - Tengrinews.kz

 "Алматы Бизнес 2025" кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік жаңа бағдарламасы әзірленді.

Бұл туралы астанада өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. 

"Qoldaý" кәсіпкерлік орталығы құрылды. Қаланың 5 ауданында оның филиалдары жұмыс істейді. Мұнда бизнесмендер "бір терезе" қағидаты бойынша 525 мемлекеттік қызмет түрін ала алады. Бұл  қызметтерді алу мерзімін біршама қысқартып, олардың қолжетімділігін арттырады - дейді шаһар басшысы. 

Оның сөзіне қарағанда, бизнес үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру мақсатында "Алматы" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы базасында Almaty Finance компаниясы және "Almaty" микроқаржы ұйымы құрылды. 

2019 жылдың өзінде жалпы капиталдандырылуы 3 млрд теңгені құрады. Бұл ретте қаланы тепе-тең дамыту үшін сараланған ставка қолданылады: көпбалалы отбасылар мен өндірістік парк резиденттері үшін – 2%, қалған аудандарда – 7%. Шағын және орта бизнес жобаларын екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландыру үшін "Даму" қорымен бірге тепе-теңдік негізде қосымша 2 млрд теңге бөлінді, - деді әкім.

Сондай-ақ, ол келесі жылы тек осы бағыттың шеңберінде тағы 10 млрд теңге бөлу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар аясында 554 шағын және орта бизнес жобалары қаржыландырылды, 4,4 млрд теңге мөлшерінде субсидия төленді (БЖК-2020, АӨК). Жалпы, шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау көлемін биылғы 4,5 млрд теңгеден келесі жылы 30 млрд теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ, тұрмысы төмен санаттағы азаматтар үшін әртүрлі форматтағы оқу курстары өткізілуде, - деді ол.


Сонымен қатар, әкім Алматыны ауызсумен толық қамту 2023 жылы аяқталатынын айтқан еді. Сондай-ақ,Алматыда тағы да 700-ден астам "Сергек" орнатылды. Сағынтаев Алматыда қоғамдық көлік көбейетінін де айтқан болатын. Алматы қаласының әкімі Doing business субұлттық рейтингі бойынша Алматы бизнесті қолайлы жүргізу жөнінде өңірлер арасында бірінші орында тұрғанын да тілге тиек етті. Әкім Алматыда тағы да 35 дәрігерлік амбулатория ашылатынын айтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін