Көпбалалы отбасыларға 74 мың теңгеге дейін жәрдемақы берілетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көпбалалы отбасыларға 74 мың теңгеге дейін жәрдемақы берілетін болады

Көпбалалы отбасыларға 74 мың теңгеге дейін жәрдемақы берілетін болады

2020 жылдан бастап 340 мыңнан астам отбасыға жаңа жәрдемақы тағайындалады. 

  • 9 Желтоқсан 2019
  • 47
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кәмелетке толмаған 4 баласы немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент баласы бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы беру жоспарлануда.

Есептеулер бойынша, аталған жәрдемақыны жаңа жылдан 340 мыңнан астам көпбалалы отбасы алатын болады. Оның көлемі де дифференциалды. Аталған жәрдемақы отбасы кіріс есебіне қарамастан, сараланған бағада берілетін болады: 

4 балалы отбасы — 42 496 тг, 

5 балалы — 53 127 тг, 

6 балалы — 63757 тг, 

7 балалы — 74 388 тг.

Ал атаулы әлеуметтік көмек қалады. Оны шын мәнінде қиын жағдайдағы, мұқтаж отбасылар алады. Бірақ атаулы әлеуметтік көмектің біраз тетіктері өзгереді. Бірінші кезекте АӘК 6 немесе 12 айға тағайындалады. 18 жыл бойы қолданған осы тәртіпке қайта көшуді ұсынып отыр.

Әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа түрі квартал сайын мекен-жай бойынша көмек көрсетуді тағайындау арқылы, межелі критерийді сақтау арқылы — күнкөріс көзінің сомасы бойынша әр отбасы мүшесінің жан басына шаққандағы кірісі 70 пайыздан кем болмауы керек, отбасы мүшелеріне көрсетілетін көмек көлемі жан басына шаққандағы кіріс пен кедейлік шегі бойынша анықталады, еңбекке жарамды азаматарға талапты күшейту, олар жұмысқа тұрмаған жағдайда әлеуметтік көмек беру тоқтатылады. 3-7 күн бойы отбасының материалдық жағдайы зерттеледі, бұл процессте комиссия мүшелерінің жұмысын күшейтіледі. 



 

Соңғы жаңалықтар