Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Біз қазір көп айтамыз бақытсыз әйел, бақытсыз баланы тәрбиелейді деген сияқты. Көптеген әйелдер қауымы өзіне бақытты болуға рұқсат бермейді. Жарқырап жүруге рұқсат бермейді. Не үшін? Өйткені оның анасы бақытсыз болғанда енді анасының үстінен аттап кетіп, бақытты болса қылмыс сияқты көрінеді. Ал шындығында бұл анасының да көңілі түсіп тұр. Мен бақытты болмадым, енді қызым мынадай бақытсыз болып жатыр деген сияқты. Барлық әйелдер қауымы бриллианттай жарқырап бақытты болып жүруге лайықты", — деді Айнұр Тұрсынбаева.