Қор биржасында доллар 3,5 теңгеге арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қор биржасында доллар 3,5 теңгеге арзандады

Қор биржасында доллар 3,5 теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады

  • 7 Қазан
  • 7
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,63 теңгеге арзандап, 541,63 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 545,67 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 542,09 теңгеден сатып алынады, 544,50 теңгеден сатылады. Еуро 631,36 – 636,56 теңге, ал рубль 6,50 – 6,63 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 75,75 теңгеден сатып алынады, 78,47 теңгеден сатылады. 

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 539,65 теңгеден сатып алынады, 545,65 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу — 631,66 теңге, сату — 639,66 теңге;

– рубль: сатып алу — 6,54 теңге, сату — 6,70 теңге.

– юань: сатып алу — 76,13 теңге, сату — 79,94 теңге.

Перейти к новостям спорта