Қор нарығында доллар тағы қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 525.11
  • 546.74
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

  • 30 Желтоқсан 2024
  • 3
ФОТО: Нейрожелі ұсынған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,56 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 523,54 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 523,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 528,5 теңге. Еуро 540 — 547 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 525 теңге, сатып алу құны — 532 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 553 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95 — 5,10 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 30 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 521,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,05 теңге. Еуро — 543,67.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді. 

Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі импорт тауарлары құнына әсер етуі мүмкін екенін айтты. 

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, теңге бағамының әлсіреуіне негізгі үш фактор әсер етіп отыр.