Қор нарығында доллар тағы қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 511.92
  • 588.91
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша

  • 27 Мамыр
  • 2
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,24 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 512,16 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 513 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 511 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 579, сату құны — 584.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 515 теңге, сатып алу құны — 509 теңге. Еуро 579 теңгеден сатып алынып, 586 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,29 — 6,49 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 27 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 511, 04 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,41 теңге. Еуро — 581,72.