Қор нарығында теңге нығайды - kaz.caravan.kz
  • $ 516.16
  • 584.86
+15 °C
Алматы
2025 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қор нарығында теңге нығайды

Қор нарығында теңге нығайды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша,

  • 22 Сәуiр
  • 7
ФОТО: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,15 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 518,07 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 518 теңге. Еуро 595 — 600 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 516 теңге. Еуро 592 теңгеден сатып алынып, 599,7 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,27 — 6,42 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 22 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 521,53 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,43 теңге. Еуро — 601,01.