Қор стипендиаты Фариза Календарова: «Еңбек міндетті түрде бағаланады» - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қор стипендиаты Фариза Календарова: «Еңбек міндетті түрде бағаланады»

Қор стипендиаты Фариза Календарова: «Еңбек міндетті түрде бағаланады»

Приозерск қаласының тумасы 20 жастағы Фариза Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Электроэнергетика» мамандығы бойынша төртінші курста оқиды. Білімге құштар студент ғылыми зерттеулерге белсенді қатыса жүріп Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты атанды.

  • 24 Қаңтар
  • 2
Фото - Caravan.kz

Табыс жолы

Фариза бала кезден ғылым мен техникаға қызығып өсті. Мектепте олимпиадаларға қатысу оның аналитикалық ойлау қабілеті мен табандылығын дамытты. Ол спортпен шұғылданғанды, саяхаттағанды жақсы көреді, сондай-ақ, адамның ой-өрісін кеңейтіп, танымын ашатын фильмдер мен сериалдарды көргенді ұнатады.

Университетте бірінші курстан бастап ғылыми конференциялар мен жобаларға тұрақты түрде қатысып келеді. Киберқауіпсіздік, микропроцессорлық қорғаныс және экологиялық мәдениет саласындағы зерттеулерімен Фариза түрлі іс-шарада танылып, жеңіске жетті. 

Жетістіктері

Фариза көптеген ғылыми конференцияға қатысқаны үшін диплом мен сертификат иесі атанған. «Келешек-2024» конференциясында киберқауіпсіздік туралы зерттеуімен бірінші орын иеленді. Сонымен қатар, университет өміріне қосқан үлесі үшін Жезқазған университетінің президент-ректорынан алғыс хат алды.

Қор шәкіртақысы

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шәкіртақысы туралы Фаризаға көктемде ұстазы айтқан. Құжат дайындау оңай болғанымен, өтінімді қысқа мерзімде тапсырып үлгеру қиынға соқты. Дегенмен, оның еңбегі ақталды.

Фариза үшін бұл стипендия қаржылай қолдаумен қатар, оның оқу мен қоғамдық қызметтегі жетістіктерінің өтеуі еді. Бұл оған әрі қарай дамып, жаңа белестерге жетуге шабыт береді.

Қазақстан жастарына айтар кеңесі

– Өзіңізге және айналаңызға адал болыңыз. Нақты мақсат қойып, соған жету үшін қадам жасаңыз. Қиындықтарға тап болсаңыз да, өміріңізді жақсартуға әрдайым мүмкіндік бар. Өзіңізге сеніңіз, табанды болыңыз, сонда еңбегіңіз міндетті түрде бағаланады, – дейді Фариза.

Фариза табандылығы, сүйікті ісіне деген махаббаты мен өзіне деген сенімі арқылы талғар биіктерді бағындыруға болатынын дәлелдейді.